Ақмола облысының Шортанды кентінде газ жарылып, 3 адам қайтыс болды. Тағы 11-і зардап шекті. Олардың 10-ы ауруханаға жеткізілді. Бесеуі - бала. Денелерін күйік шалған. Кейбіреулерінің жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер.
Төтенше жағдай кеше кешкі 21:30 шамасында болған. 3 пәтерлі үйде газ жарылып, өрт шыққан. Оқиға орнынан бір бала мен 2 әйелдің денесі табылды. Жарылыс себебі анықталуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысының Шортанды кентінде газ жарылып, 3 адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148189/)