![«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Abai tv» телеарнасына 2022 жылға арналған жаңа жобаларға байқау жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/11/17/1637142550368.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасына 2022 жылға арналған жаңа жобаларға байқауы. Ұсыныстар келесі тақырыптық бағыттар бойынша қабылданады:
- Ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы;
- Ұлттық және әлемдік мәдениетті дәріптеуге бағытталған жобалар;
- Тарихи-танымдық бағдарламалар;
- Музыкалық-танымдық хабарлар;
- Тарихи-мәдени деректі фильмдер;
- Интеллектуалдық жобалар;
Байқауға қатысушы компания ұсынатын жоба концепциясын 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін korkemdikkenes@abaitv.kz электронды поштасы арқылы жіберуі қажет.
Қойылатын талаптар: Қатысушы аутсорсинг компанияның телевизиялық өнім өндіру саласындағы тәжірибесі болуы шарт.
«Abai tv» телеарнасы Көркемдік кеңес талқысынан өткен жоба авторларына ғана хабарласатынын мәлімдейді.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8(717) 2 39-62-38.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Abai tv» телеарнасына 2022 жылға арналған жаңа жобаларға байқау жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148218/)