Атырау университетінің оқу аудиториясы М. Дорофеевтің есімімен аталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау университетінің оқу аудиториясы М. Дорофеевтің есімімен аталды

17.11.2021
Атырау университетінің оқу аудиториясы М. Дорофеевтің есімімен аталды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінде Дорофеев Михаил Викторович атындағы аудиториясының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шара Халықаралық студенттер күні қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бастамасымен іске асырылды.

Айта кетейік, Михаил Дорофеев - аталған университеттің түлегі және Атырау қаласының тумасы.

Аудиторияның ашылу салтанатына М.Дорофеевтің әріптестері мен курстастары, сондай-ақ онлайн-форматта әкімдік пен ҚР АҚДМ өкілдері қатысты.

Михаил Дорофеев туралы естеліктерімен мәдениет қайраткері, қазақстандық журналистика ардагері Любовь Монастырская да бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, М.В. Дорофеев ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Қазақстан Журналистика Академиясының академигі болды.

Хабарламаларға жазылу