Оралда екі көлік соғылып, бес адам зардап шекті. Олардың біреуі - 6 жастағы бала. Барлығы да ауруханаға жеткізілген. Үшеуінің жағдайы ауыр. Баланың миы шайқалып, бас сүйектің жабық жарақатын алған. Оқиға Деркөл кенті ауданындағы айналма жолда болды. «ВАЗ-2115» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетте келе жатқан «LADA Granta» соққан. Көлік апаты бойынша тергеу амалдары басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда екі көлік соғылып, бес адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148308/)