Бүкіләлемдік киттер күні. Бүкіләлемдік киттер күні - 1986 жылы Халықаралық кит аулау (International Whaling Commission - IWC) комиссиясында бекітілген. Сол жылы ақпанның 19-ында Халықаралық кит аулау комиссиясы дүниежүзінде кит аулау мен кит етін сатуға тыйым салған. Бірақ, ақпанның 19-ы киттерді қорғау күні ғана емес, сонымен бірге барлық мұхит пен теңіз сүтқоректілерін қорғау күні. Кейде әр мемлекеттің экологиялық ұйымдары жиналып, осы күнді мүлдем жоғалып кеткелі тұрған бірегей бір сүтқоректіні қорғауға арнайды.
Армениядағы кітап сыйлау күні. Армения Жазушылар одағының төрағасы Левон Ананянның шешімімен 19 ақпан бұл елде Кітап сыйлау күні аталып өтеді. Бұл күн армяндардың ұлы ақыны, әрі жазушысы, ірі қоғам қайраткері Ованес Тадевосович Туманянның 1869 жылғы 19 ақпандағы туған күнімен сәйкестендірілген.
20 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Адам құқығы жөніндегі республикалық комиссия құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
11 жыл бұрын (2003) Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың алғашқы Экономикалық форумы ашылды. ЕурАзЭҚ құрамына кіретін Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің өкілдері өзара ықпалдастық іс-қимылдардың перспективаларын талқылап, қоғамдастық мемлекеттері экономикасын тұрақты дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдады.
8 жыл бұрын (2006) Керлинг ойыны бейнеленген жаңа пошта маркасы айналымға енді.
Олимпиада ойындарының жаңа спорт түрінің бірі керлинг ойынының барысы бейнеленген, «33х27,5 мм көлеміндегі пошта маркасын Ринат Жапалов безендірді. Ол Бейжіңдегі (ҚХР) пошталық төлем белгілері фабрикасында, 50 мың данамен басылды.
7 жыл бұрын (2007) Алматыда «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер киностудиясы түсірген «Жаралы сезім» деп аталатын 2 сериялы көркем фильмнің таныстырылымы болды. Идеяның авторы - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, Экономика институтының директоры және Қазақстан ғалымдары одағының президенті Оразалы Сәбден. Қоюшы режиссері - «Жас ұлан» киностудиясының директоры Еркін Рақышев.
7 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы», «Минотарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.
6 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен Мәскеудегі аймақтық Қазақ ұлттық-мәдени автономиясы осы қаладағы Ұлттар үйінің ғимаратында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы «Өмірге айналған ерлік» кітабының таныстырылымы өтті.
6 жыл бұрын (2008) Алматыда Жоңғар және Іле Алатауындағы жоғалып кету қаупі төнген өсімдіктердің түрлері туралы БҰҰ Даму Бағдарламасы басып шығарған кітаптың таныстырылымы болды. Кітап «Растения Джунгарского и Заилийского Алатау, нуждающиеся в охране» деп аталады. Кітап 60 өсімдіктің қысқа анықтамасынан және фотосуреттерден тұрады.
Кітаптың мақсаты - табиғатты сүйетін көпшіліктің назарына өсімдіктердің құндылығы туралы ақпаратты жеткізу. Кітап Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Жаһандық экологиялық қордың және БҰҰ Даму Бағдарламасы жобасы қызметінің шеңберінде шығарылды.
5 жыл бұрын (2009) Иранның Гүлістан провинциясының орталығы Горган қаласында, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы желтоқсанның 15-дегі Жарлығымен Каспий теңізіндегі Иранның солтүстігіндегі Қазақстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылды.
5 жыл бұрын (2009) Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының Жаңажол кен орнында «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның қуаттылығы 45 мВт газ тұрбалы электрстанциясы ашылды.
93 жыл бұрын (1921-2011) қоғам қайраткері, заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Салық ЗИМАНОВ дүниеге келді.
84 жыл бұрын (1930-1999) қазақ жазушысы, журналист, филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Сапар БАЙЖАНОВ дүниеге келді.
80 жыл бұрын (1934-1994) техника ғылымының докторы, профессор Дуглас Зияевич СЕРАЗЕТДИНОВ дүниеге келді.
72 жыл бұрын (1942) Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы-режиссері, КСРО Кинематография одағының мүшесі Амангелді Ыбырайұлы ТӘЖІБАЕВ дүниеге келді.
49 жыл бұрын (1965) «Қазақстан» РТРК АҚ Қазақ радиосының директоры Махат Кәбірұлы САДЫҚ дүниеге келді.
ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін, РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясын, Халықаралық Бизнес Академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Қазақ радиосының тілшісі болудан бастады.
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын жұлдыз» сыйлығының, Қазақстан Президенті стипендиясының иегері. «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» кітабының, 25 деректі фильмнің авторы. Философия ғылымдарының докторы,
Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ радиосына директор болып 2011 жылдың қарашасында тағайындалған.
541 жыл бұрын (1473-1543) поляк астрономы, әлемнің гелиоорталық жүйесі туралы ілімнің авторы Николай КОПЕРНИК дүниеге келді.
384 жыл бұрын (1630-1680) Үндістанның ұлттық батыры ШИВАДЖИ дүниеге келді.
74 жыл бұрын (1940-2006) Түрікменстан Республикасының бұрынғы президенті Сапармұрат НИЯЗОВ дүниеге келді.
64 жыл бұрын (1950) Тұрсынай ОРАЗБАЕВА Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. 1970-1980 жж. облыстық радио комитетінде және облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында әдеби қызметкер болып істеген. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. 1980 жылдан бері Қазақ радиосының әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында редактор болып істеді. 1989 - 1991 жж. Мәскеуде Жоғары әдебиет курсында оқыған. 1997 жылдан Мәскеудегі Халықаралық Жазушылар одағының қауымдастығында қазақ әдебиеті бойынша кеңесшісі.
Жас жазушылардың Бүкілодақтық VIII фестиваліне (1975) қатысқан. Облыстық және Алматыда өткен ІІ республикалық ақындар айтысында (1980) жүлделі орынға ие болған. А. Фадеев атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (2008). Саха-Якутия Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері. Шығармалары: Таң шапағы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Іңкәржүрекәуені. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Молодые поэты Средней Азии и Казахстана. Стихи М., «Молодая гвардия», 1982; Ты моя весна. Стихи. А., «Жалын», 1986; Гүлсезім. «Жазушы», 1988; Хомус и домбра. «Бичик», Якутск. 1994; Я твоя весна. «Кызыл»; Огни моей мечты. «Барс», М., 2000; Сардана - Әсиягүл саз-жыр жинағы. А., М., «Талант», 2002.
62 жыл бұрын (1952) словен заңгері, халықаралық құқық саласындағы маман, дипломат 2007-2012 жылдардағы Словения президенті Данило ТЮРК дүниеге келді.