«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «30 игі іс» акциясын қолға алды. Игі бастама аясында саяси ұйым өкілдері бүгін Кентау қаласының мұқтаж тұрғындарына жылыту құрылғыларын тарту етті. Сондай-ақ, жылыту қондырғысын орнату үшін қаржылай демеушілік көрсетті. Әрі жергілікті мешітке 30 дана діни кітап сыйлады.
Уәлихан Әбдуәлиев, «Ауыл» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы:
Аулада тұрмысы төмендеу, жылу мәселелері бар, кейбір үйлер жылымай жатады. Сол үйлерге «Ауыл» партиясы атынан 45 жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін тапсырдық. Қазір адамдар алып, игіліктеріне пайдаланып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ауыл» ХДП партиясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «30 игі іс» акциясын қолға алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148389/)