Колумбияның батысында толассыз жауған нөсер соңы алапат су тасқынына ұласып, өзендер арнасынан тасыды. Табиғи апаттан 3600 отбасы зардап шеккен. Олар сыртпен байланысты толықтай үзді. Бұған қоса тасқын тұрғындардың мал-мүлкі мен дәнді-дақылдарына орасан зақым келтірген. Ел үкіметі шұғыл отырыс өткізіп, апатты аймақ тұрғындарына көмек көрсету шараларын талқылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Колумбияның батысында толассыз жауын соңы су тасқынына ұласты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148461/)