Бүгіннен бастап Алматыда карантин жеңілдеді. Енді барлық тасымалдаушы, оның ішінде туристік бағыттар да өз қызметін бастайды. Вокзалдар, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, білім беру ұйымдары, асхана, монша, спорттық-сауықтыру мен сұлулық салондары еш шектеусіз жұмыс істей алады. Сондай-ақ Ashyq қосымшасына тіркелген ұйымдар түнгі сағат үшке дейін ашық. Ал жүйедегі көшбасшылар таңғы 5-ке дейін жұмыс істей алады. Қоғамдық тамақтану орындарына келушілер саны да арта түседі.
Айта кетейін, 18 қарашадан бері Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймақта тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгіннен бастап Алматыда карантин жеңілдеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148473/)