Батыс Қазақстанға 29 мың дана «Pfizer» екпесі келіп, вакцина алуы тиіс тұрғындарға салына бастады. Аймақтағы медициналық колледжде 18 жасқа толмаған 370 жасөспірім оқиды. Бүгін солардың бірқатары ата-анасының келісімімен екпе алды. Сенбіден бері 11 жүкті және емізулі сәбиі бар 150 әйел салдырған.
Сымбат Байғұтты, студент:
«Pfizer» вакцинасын алып шықтым. Барлығы да жеңіл, жақсы өтті. Денсаулығымызды сақтап, бірінші компонентті алдым. Бәрі жақсы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстанға 29 мың доза «Рfizer» екпесі жеткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148493/)