Бүгін теңге тағы әлсірей түсті. Қор биржасындағы саудаға сай Ұлттық валютамыз долларға шаққында 432 теңге. Еуро - 489, рубль - 5 теңге 80 тиын.
Ал ақша айыртстау орындарындағы бағам әлдеқайда жоғары. Доллар 433-435 теңгеге саудаланып жатыр. Экономистер бұған әдеттегідей мұнайдың арзандауы себеп дейді. Қазір Brent-тің бағасы 78 долларға дейін түсіп кетті. Ал WTI 74 долларға дейін арзандап кетті. Қара алтын құнының қатарынан төртінші апта құлдырауына сұраныстың азаюы әсер еткен.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұнай арзандап, теңге әлсіреді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148508/)