Қазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды. Бұл кешегі мәліметпен салыстырғанда едәуір аз. Жалпы, ел аумағында 965 мыңнан аса адам ауырып жатыр. 73 мыңға жуық тұрғын жазылып шықты. Вакцинаның 1-компонентін 8 млн 700 мыңдай тұрғын салдырған. Екінші дозасын қабылдағандар 8 млн-ға жетіп қалды. Бүгінгі ахуалға сәйкес Павлодар және Солтүстік Қазақстан «қызыл » аймақта тұр.
Ал, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары бар. Қалғаны «жасыл» статусқа ие.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148522/)