Израильде 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға «Файзер» вакцинасы салынып жатыр. Сондағы мақсат – қайта күшейген пандемияны тоқтату.
Елде инфекцияның төртінші толқыны маусым айында басталып, қыркүйекте саябырсыды. Алайда өткен екі аптада коронавирус қайта өрши бастаған.
Израильдің 9,4 миллион халқының 1,2 миллионы - оқушылар мен мектеп жасындағылар. Қарашаға дейін вирус жұқтырғандардың үштен бірі – балалар болған. Ғалымдардың ойынша, жеткіншектер толық вакциналанбаса, ұжымдық иммунитет қалыптастыру қиынға соқпақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Израильде 5-11 жастағы балаларға вакцина салынып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148529/)