АҚШ резервтегі мұнайын нарыққа шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ резервтегі мұнайын нарыққа шығармақ

23.11.2021

АҚШ президенті Джо Байден әлемде мұнай бағасын түсіру үшін елдің Стратегиялық отын резервіндегі мұнайды нарыққа шығаратынын қарашаның 23-де жарияламақ. Мұны «Блумберг» агенттігі хабарлап отыр. Сонымен қатар, Ақ үй басшысы өзге елдерді де осындай әрекетке көндіргенін мәлімдеді. Енді Құрама Штаттармен бірге Жапония, Оңтүстік Корея да қордағы шикізатын сатуға шығаруы ықтимал. Және де Қытай да Вашингтонмен бұл бағыттағы әрекетін үйлестіруі мүмкін екенін аңғартты.

Болжамдарға қарағанда, резервті қолдану көмірсутегінің құнын төмендетуге көмектеспек. Соңғы сауда сессиясында мұнайдың «Брент» маркасының баррелі 79 доллар 54 центке сатылды.


Хабарламаларға жазылу