Өткен тәулікте 1502 адам коронавирустан емделіп шықты. 905 адамның індет жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталды. Ал вакциналау бойынша бірінші дозасын 8 млн 662 мыңдай тұрғын қабылдады. Екінші компонентін 7 млн 987 мыңға жуық адам салдырды. Вакцинаның екі компонентін толық алғандар бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Одан кейін - Түркістан облысы. Үштікті Шығыс Қазақстан түйіндеп отыр. Айта кету керек, «жасыл» статусты иеленгендер қатарына тағы бір өңір қосылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде өткен тәулікте 1502 адам коронавирустан емделіп шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148576/)