Сербиядағы зымыран зауытында бірнеше жарылыс болып, 2 адам қаза тапты. 16 кісіні қатты күйік шалған. Олар ауруханаға жеткізілді. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Жарылыс болған кезде зауытта 100-ден астам жұмысшы болған. Қазір жоғалып кеткендерді іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Төтенше жағдай зауыттың 500-дей зымыран сақталған қоймасында болған. Ал жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сербияда зымыран зауытындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148581/)