Жамбыл облысында зауыттан 5 млн теңгенің өнімі ұрланды. Белгісіз біреулер Жамбыл ауданындағы фосфор зауыты аумағындағы жүк вагондарынан «натрий триполи-фосфатының» 484 қабын үптеп кеткен. Бұл – 12 тоннадан астам тауар.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде екі күдікті ұсталды. Олар Тараз қаласының 28 жастағы және Жамбыл ауданының 30 жастағы тұрғындары болып шықты. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында зауыттан 5 млн теңгенің өнімі ұрланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148592/)