![«Balapan» телеарнасының 2022 жылға арналған тележобалар өндірісіне өтінім беру уақыты ұзартылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/11/24/1637758486428.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Balapan» телеарнасының 2022 жылға арналған тележобалар өндірісіне өтінім беру уақыты ұзартылды. Өтінімдер бүгіннен бастап 31 желтоқсанға дейін korkemdikkenes@balapan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.
Ұсыныстар:
- телехикая;
- ситком;
- музыкалық;
- спорттық;
- ойын-сауық;
- танымдық;
- отбасылық жанрлары бойынша қабылданады.
Ұсынылған жобаға қойылатын талап: ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласы жөніндегі ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек;
Өтінімге келесі құжаттар қоса жіберілуі керек:
Портфолио;
Синопсис;
Концепция;
Қысқаша сценарлық жоспар;
Презентация.
Басқа да қажетті құжаттар.
Ескерту: Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі, ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары болуы шарт.
Толық ақпаратты 8 (7172) 75-70-89 телефонына хабарласып немесе korkemdikkenes@balapan.tv электронды поштасына сұрақ жолдау арқылы білуге болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Balapan» телеарнасының 2022 жылға арналған тележобалар өндірісіне өтінім беру уақыты ұзартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148622/)