Оралда «ЗападСтройКазахстан» кәсіпорны 170 миллион теңге салық төлеуден жалтарған. Серіктестік басшысы тергеу изоляторының мердігерімен құрылыс материалдарын жеткізу туралы жалған келісімшарт жасасқан. Іс жүзінде қызмет көрсетілмей, тауар тиелмей, жалған шот-фактура толтырылған. Құрылыс та тоқтаған. Мемлекетке миллиондаған теңге залал келтірген кәсіпорын басшысының 1,5 жылға бас бостандығы шектелді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда ірі кәсіпорын 170 миллион теңге салық төлеуден жалтарған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148648/)