Ал Семейде екі күнен бері жаңбыр жауып тұр. Көшелер көлге айналып, тұрғындардың жаяу жүріп-тұруы тіптен қиындады. Аялдамалардың маңы мен жаяу жүргіншілер жолы мұз болып қалған. Соңғы екі күнде тайып құлап, жарақат алған 60-тан астам тұрғын дәрігерлерге жүгінген. Кешеден бері балалардың қауіпсіздігі үшін мектептерде сабақ онлайн форматқа ауысты. Бүгін де екінші ауысымда 9-сыныпқа дейін оқушылар қашықтан оқиды.
Нәзипа Күниязова, қала тұрғыны:
Қатты құладым. Бірақ еш жерім мертіккен жоқ. Енді қазір ауруханаға барып жүрмін.
Вера Гуреева, қала тұрғыны:
Керемет тайғақ. Мен ренжулімін. Агент болып жұмыс істеймін. Жаяу көп жүремін. Ешқандай жерде құм сеуіп жатқан жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде жаңбыр жауып, көктайғақтың кесірінен қатынас қиындады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148663/)