Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады. Даниял Ахметов Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Айтуынша, халыққа вакцина салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындардың 100 пайызы екпенің бірінші компонентін алған.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Өңірде 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есе арттыру көзделген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Даниял Ахметовты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148670/)