Сомали астанасы Могадишода жарылыс болып, 8 адам қаза тапты. 17 тұрғын жараланып, ауруханаға жеткізілген. Олардың халі мүшкіл. Жапа шеккендердің 13-і - мектеп оқушылары. Жарылысты «әл-Каида» террористік ұйымымен байланыстағы «әш-Шабаб» тобы өз мойнына алды. Олар шабуылды Африкалық одақтың Сомалидегі бітімгершілік миссиясы қызметкерлеріне қарсы бағыттаған.
Көлікке қойылған бомбаны жанкешті-лаңкес іске қосты. Одан бірнеше ғимаратқа зақым келді. Тағы бір мәліметтерге сай, жарылыстан кейін атыстың жаңғырығы естілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сомалиде болған жарылыстан 8 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148685/)