Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға ресми сапары басталды. Мемлекет басшысы бүгін Бельгия Королі Филиппен жүздеседі деп жоспарланған. Мұнан соң Премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуро Кеңестің президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді. Ал ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен және еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен кездеседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға ресми сапары басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148691/)