Елге ПТР анықтамасыз ұшып келген 28 мың 500-дей жолаушы санитарлық-карантиндік бақылауға алынды. Түркия, Өзбекстан, Ресей мен Мажарстаннан сапарлап келген 54 адам кері қайтарылды.
Жалпы, соңғы 10 айда шет елдерден 1 млн 300 мыңдай адам ұшып келген. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасындағы карантиндік бақылауынан 1 млн 4 жүзден астам жолаушы тексерілді. Олардың қатарында дене қызуы жоғары және жұқпалы ауруы бар деген күдікпен 21 науқас анықталды. 11-і ауруханаға жатқызылған.
Республика бойынша өткен тәулікте 971 адамнан коронавирус анықталды. Індет жұқтырған 121 науқастың жағдайы өте ауыр деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Ал 1284 қазақстандық емделіп шыққан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елге ПТР анықтамасыз келген 54 шет ел азаматы кері қайтарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148714/)