Қырғыз елінің азаматы балалар және спорттық аяқ киімдерді «Алтынкөл-Жол» кеден бекеті арқылы өткізіп, Қырғызстанға жеткізбек болған. Экономикалық контрабанда дерегін Қаржы мониторингі Агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтады. Заңсыз өткізілмек болған тауардың жалпы сомасы - 73 млн теңге. Ілеспе құжаттарда жалған мәлімет көрсетілген. Тауар декларацияланбаған. Заң бұзушыға 2,2 млн теңге айыппұл салынды.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында шекарадан заңсыз шығарылған 73 млн теңгенің жүгі тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148722/)