Мәскеуде әзілдемек болып көлік ұрлаған қазақстандық блогерлер сотталды. Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебай 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.
Еске сала кетейік, оқиға осы жылдың наурыз айында Мәскеуде болған. Үш блогер бизнес-кластағы таксиді шақырып, пранк жасауды ұйғарған. Көлік жүргізушісі сөмкелерді жүк салғышқа тиеп жатқанда жастардың бірі рөлге отырып, көлікті айдап кеткен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде әзілдемек болып көлік ұрлаған қазақстандық блогерлер сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148751/)