Жалған шот-фактура жасағандар мемлекетке 2 млрд теңге шығын келтірді. Шығыс Қазақстанда 3 жыл бойы салықтан жалтарып, заңсыз ақша иегергендерге қатысты тергеу жүріп жатыр. Олар кәсіпті Өскемен мен Алматы қаласында өзге адамға тіркеп, кейін соның атынан орындалмаған жұмысқа шот-фактура жазумен айналысқан. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің хабарлауынша, олар жалпы соманың 1,5% алып отырған. Ұйымдастырушылардың бірі заңсыз алған ақшаға кәсіп ашып, 37 млн теңге табыс тапқан.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жалған құжат жасағандар мемлекетке 2 млрд теңге шығын келтірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148772/)