Келер жылдан бастап «e-Salyk Business» мобильді қосымшасы іске қосылып, онлайн кассалық аппараттың қызметін атқарады. Сондықтан мобильді аударымдар жасау үшін кассалық аппарат сатып алу міндетті емес. Сондай-ақ жауапты органдар бизнес субъектілеріне салық салу барынша жеңілдетілгенін алға тартты. Мәселен, такси жүргізушісі жалпы кірістің 1%-ын ғана салыққа төлейді.
Әлібек Абдилов, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы:
Мемлекет шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлерді 2023 жылға дейін кірісінен салық төлеуден босатып, тексеру жүргізуге мораторий жариялады. Осыған байланысты кәсіпкерлерді заңды бизнес жүргізуге, нақты кірістерді көрсетуге шақырамыз.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2022 жылдан бастап «e-Salyk Business» мобильді қосымшасы онлайн кассалық аппарат қызметін атқарады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148810/)