![2022 жылғы ең төменгі жалақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері бекітілді](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/11/29/1638176719632.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Келер жылы 6,7 млн қазақстандықтың табысы өседі. Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің артуымен тікелей байланысты.
1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткішті 5%-ға индексациялау жоспарлануда. Нәтижесінде ЕТК мөлшері - 36 018 теңгені, ал АЕК – 3 063 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Осылайша ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі 41%-ды құрайды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2022 жылғы ең төменгі жалақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері бекітілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148840/)