Теннистен Қазақстан командасы Дэвис кубогінің ширек финалына шықты. Жерлестеріміз B тобында бірінші орын алса, Сербия командасы F тобында екінші орын иеленді. Келесі кезеңдегі қарсылас осы Сербия болмақ. Екі топтың кездесуі 1 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де өтеді. Жалпы, қарсы топтың қарымы мықты. Әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. 2010 жылы осы турнирде жеңіске жетсе, 2013 жылы финалда сынға түсті. Команданың ең үздік ойыншысы – «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы Новак Джокович. Ширек финалдағы өзге де кездесулерге тоқтала кетсек: 29 қараша Хорватия – Италия, 30 қараша Ұлыбритания – Германия, 2-ші желтоқсан. Ресей – Швеция командалары сайысқа түседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Сербия командасымен ойнайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148848/)