Жапонияның Осака қаласында ірі қойма өртеніп, оның түтіні бүкіл қалаға тарады. 20 мың шаршы метрдей аумақты от шарпыған.
«Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, өрт басталғанда қоймада 100 шақты адам жұмыс істеп жатқан. Олардың барлығы аман-есен сыртқа шығып үлгерді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 64 өрт сөндіруші мен бір тікұшақ тартылды. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, логистикалық орталықта бос картон жәшіктерінің жануынан өрт басталған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Осакада қойма өртеніп, қаланы түтін басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148859/)