Үкімет басшысы Асқар Мамин Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің жоғары деңгейдегі көлік-транзиттік саясат жөніндегі арнайы кеңесін құру туралы бастама көтерді. Осы арқылы өзекті мәселелерді шешу бойынша келісілген жұмыстар әзірленеді. Бұл туралы Премьер-министр Ашхабадта өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитінде айтты.
Үкімет басшысы азық-түлік саудасында оффтейк келісімшарттарды кеңейту мен халықарылық ұйымның азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын әзірлеуді де ұсынды. Саммит аясында Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесті. Тараптар сауда-экономика, инвестиция, энергетика сынды бірқатар салалардағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет басшысы Ашхабадта ЭЫҰ саммитіне қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148870/)