Фермерлердің қарызын азайту үшін сыйақы мөлшерлемесі төмендейді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, енді субсидия арқылы агроөнеркәсіптік кешенге қолдау артады. Мәселен, техника, жануарлар сатып алуға берілген қарыздың сыйақы мөлшерлемесі 10%-ға, ақшаны толтыру бойынша – 7%-ға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге – 9%-ға төмендейді.
Сонымен бірге қарапайым заттар экономикасы арқылы берілетін несиенің де жылдық мөлшерлемесі азаяды. Министрліктің хабарлауынша, бұл өзгерістер 4 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Фермерлердің қарызын азайту үшін сыйақы мөлшерлемесі төмендейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148881/)