![3 желтоқсаннан бастап Қазақстанда бірқатар шектеу енгізіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/11/30/1638244663560.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.
Коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамының пайда болуына байланысты мынадай шектеу іс-шаралары енгізіледі:
- Ботсвана, Оңтүстік Африка, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави Республикасы, , Танзания және Гонконг елінен шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;
- «Омикрон» штамы тіркелген елдерден келген азаматтар вакцинадан бөлек ПТР тесті болуы шарт. Бүгінде бұл штамм Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия және Канадада тіркелді;
- «Омикрон» штамы тіркелген елдерден келген азаматтар ПТР тест нәтижесіне қарамай 7 күнге оқшаулануы қажет;
- Бельгияда Мысырдан келген азаматтан «Омикрон» штамы анықталғанын және бұл елден келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасы тоқтатылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=3 желтоқсаннан бастап Қазақстанда бірқатар шектеу енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148887/)