Қазанда тұрғындар 162 млрд теңгеге ипотекалық несие алды. Ұлттық банк мамандарының хабарлауынша, былтырға қарағанда баспана сатып алуға кредит мөлшері 43,8%-ке өскен. Ипотеканы көбіне Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының тұрғындары рәсімдеген. Биыл үй құрылысына 2 млрд теңгеге жуық ақша жұмсалған. Мыңнан аса көппәтерлі үй пайдалануға берілді. 32 мыңға тарта жеке үйдің құрылысы біткен.
Сондай-ақ елде даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушылар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасы ашылады. Мұны бұған дейін Президент тапсырған. Оның бастапқы жарнасы 10 пайыз, сыйақы мөлшерлемесі 5 пайызға дейін болмақ.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазанда тұрғындар 162 млрд теңгеге ипотекалық несие алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148955/)