Алматыда коронавирус жұқтырушылар саны азайып, эпидахуал тұрақталып келеді. Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, соңғы тәулікте 60 адамнан инфекция анықталған. Стационарларда 362 науқас емделіп жатыр. 40 пациенттің жағдайы ауыр,-дейді дәрігерлер. Мегаполистегі жаппай вакцинациялауға келсек, бір тәулік ішінде екі компонентты 1500-ден астам адам салдырған. Қалада 132 екпе егу пункті жұмыс істеп тұр. Pfizer екпесін 14 500 адам, оның ішінде 880 жүкті әйел және емізулі баласы бар 3 мыңнан астам аналар салдырған. Сондай-ақ аталған вакцинамен 12-18 жас аралығындағы 10 мың жасөспірім егілді.
Ұлжан Шормақова, №1 емхананың педиатр дәрігері:
Ешқайсысында жанама әсерлері байқалған жоқ. Ата-ананың келісімімен, ата-ананың қатысуымен Pfizer вакцинасы салынады. Бала вакцина алғаннан кейін 30 минут дәрігердің бақылауында болады. 3 күн дәрігердің қарауында болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда эпидахуал тұрақты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148983/)