![Балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/12/2/1638433375636.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес елімізде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.
«Мектептегі бір сынып немесе балабақшадағы бір топ шеңберіндегі жаңажылдық іс-шараларға келетін болсақ, мұндай шешімдер санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша және жергілікті эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігі деңгейінде қабылданады»,- делінген хабарламада.
Ал жоғары оқу орындарының әкімшілігі де санитарлық дәрігерлермен келісе отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңажылдық іс-шараларды өткізу туралы шешімді өздері қабылдайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/148987/)