Алматыда екі көлік соқтығысып, анасы мен екі баласы жараланды. Олар дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Балалардың бірі - 4 жаста болса, екіншісі небәрі - 9 айлық. Оқыс оқиға «Саялы-2» ықшам ауданында болған. «Renault Logan» жүргізушісі жол ережесін елемей, қатты жылдамдықпен келіп «Toyota Camry» көлігін соққан. Қазір оқиға орнында Жол патрульдік-полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда екі көлік соқтығысып, анасы мен екі баласы жараланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149006/)