Ұлттық банк 64 млн доллардан аса қаржыға интервенция жүргізді. Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың сөзінше, бұл валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Биржада шетел валютасына сұраныс артқан. Теңге-доллар жұбымен 292 млн долларға сауда-саттық жүргізілген. Бұл былтыр сәуірден бері болмаған рекордтық көрсеткіш. Жақында Америка ақшасы 436 теңгеге теңескен. Ақша айырбастау орындарында 1 доллар 441 теңгеге сатылған еді. Ұлттық банк биыл алғаш рет интервенция жүргізіп отыр. Былтыр қазанда алтын-валюта резервінен 91 млн доллар, ал наурызда 1,5 млрд долларды теңгені қолдауға жұмсаған еді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық банк 64 млн долларға интервенция жүргізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149095/)