Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елімізге екі күндік мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманның құрметіне Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда құрмет қарауылы сап түзеді. Шавкат Мирзиёевті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Бүгін екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездеседі. Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қойылмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өзбекстан президенті мемлекеттік сапармен келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149141/)