Семейде мерекеге орай тұрғындарға жаңа баспаналар табысталды. Биыл өңірде «Бір қабатты Шығыс» жобасы шеңберінде қаланың шеткі ауданынан екі пәтерлі үйлер бой көтерді. 1 миллиард қаржыға инвесторлар 50-ге жуық жер үй салған. Солардың жартысына жуығы мемлекеттік қызметкерлер мен жас отбасыларға берілді. Жаңа қоныс иелері баспанаға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қол жеткізген.
Құралай Төлейғалиева, қала тұрғыны:
Мереке күні осылай үйлі болып жатқанымызға, арманымыздағы баспанаға қол жеткізгеніміз үшін қуанамын . Сапасы жақсы. Кең. Ауласы да кең. Ризамын. Қуаныштымын осындай мүмкіншілік беріп отырғанына.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыста «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 50 үй салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149162/)