Шардаралық армспортшылар Румыния елінің астанасы Бухарест қаласында өткен Әлем чемпионатынан 25 алтын иеленді. Осындай марапатқа ие болған қолкүресшілерді ауылдастары ыстық ықыласпен қарсы алды.
6 күнге созылған байрақты бәсекеге әлемнің 50 мемлекетінен спортшылар қатысты. Сайыста шардаралық қыз-жігіттер жалпы есепте 25 алтын, 2 күміс және 1 қола медальді қоржынға салды. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша «Шардара Армспорт» құрамасы үздік команда деп танылды.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістандық қол күресшілер Әлем чемпионатында 25 алтын иеленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149248/)