Семейде бір тәулікте 80-нен астам адам көктайғақтан зардап шекті. Түрлі жарақат алып мертігіп қалған тұрғындар медициналық мекемелерге жүгінген. Олардың 15-і бала. Сол себепті мектептерде кеше бірінші ауысымда сабақ тоқтатылды. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байналысты бірқатар тас жолдарда жүк көліктері, тіркемесі барлар мен жолаушы тасымалдаушы көліктердің жүріп-тұруына шектеулер қойылды.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде көктайғақтан 80-нен астам адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149277/)