Қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үкімет басшысы Асқар Мамин Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесін баяндады.
Биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген санаққа сәйкес халықтың 59 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған. Қазақстандықтардың орта жасы - 31,94.
Жалпы, халықтың шамамен 34 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар. Ал қазақтардың үлесі 70 пайызға жеткен.
Премьер-министрдің мәліметінше, елімізде әйелдер басым. Азаматтардың 49 пайызы – ерлер болса, 51 пайызы - әйелдер.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаевқа халық санағының алғашқы нәтижесі баяндалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149292/)