Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 7 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Ел премьер-министрінің сөзінше, науқастар саны күрт көбейгендіктен, ауруханаларда орын жетіспей жатыр.
Сондықтан билік ковидке шалдыққандарды үйлерінде және жекеменшік клиникаларда емдеуге қосымша персонал тартатынын хабарлады. Коронавирус жұқтырғандардың 80 пайызы – Сеул мен оның айналасындағы аудандардың тұрғындарды.
Айта кетсек, пандемия басталғалы бұл елде 400 мыңға жуық адамға «коронавирус» диагнозы қойылды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 7 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149305/)