Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан екі бірдей қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер Ордабасы мен Арыс ауданының аумағында барымташылық жасап, тұрғындарға 18 млн теңге көлемінде шығын келтірген. 5 адамнан құралған қылмыстық топ мүшелерінің бірі - бұрын мал ұрлығы үшін сотты болған Шымкент қаласының, ал қалғандары бір-біріне туыс болып келетін Ордабасы ауданының тұрғындары болып шықты.
Бүгінге дейін олар 26 бас жылқыны барымталаған. Дәл осындай екінші қылмыстық топ Арыс ауданында қолға түсті. Ұсталғандардан айғақты зат ретінде автокөліктері, 2 бас жылқы мен аңшы мылтығы алынды.
Құрманбек Сахов, Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:
Олар жылқыларды жайылымда атып алып, сойып, еттерін базарға өткізіп отырған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша, яғни мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149308/)