«Тәуелсіздік. Елорда. Байқоңыр». Елордада осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған шарада Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамаларының рөлі, елдің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жаңғыруының перспективалары мен бағыттары талқыланды. Конференцияға қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Асылы Осман, мемлекет және қоғам қайраткері:
Ата-бабамыздан бізге не қалды?! Байтақ жер қалды, бай тіл қалды, әдет-ғұрпы, салты қалды. Сондықтан осылардың барлығын сақтай білуіміз керек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік. Елорда. Байқоңыр» атты конференция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149317/)