![«Жалын құшқан Жанна д Арк» драмасы қойылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77011.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Француздың батыр қызы Жанна д Арк - қазақ сахнасында. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры «Жалын жұтқан Жанна д Арк» туындысын көрерменнің назарына ұсынды.
Драма қолына қару ұстаған өрімдей қыздың трагедиялық тағдыры мен ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігі туралы. Батыр қыздың бейнесін театр актрисалары - Айнұр Бермұхамбетова мен Сая Тоқманғалиева сомдады.
Мақсат - Жанна д Арктың ерлігі мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін көрерменге жеткізіп, бүкіл адамзатқа патриоттықты үлгі ету.
Әлімбек Оразбеков, қоюшы-режиссер:
Кіп-кішкентай қыздың өзінің елі үшін, жері үшін бас көтеруі. Бұл драма патриоттық сезімді оятады. Жалпы, осындай дүниелер көп қойылып отырса, бұл өзімізге де, әртістерімізге де жақсы.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жалын құшқан Жанна д Арк» драмасы қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14932/)