Батыс Қазақстан облысының ең белсенді азаматтары марапатталды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Президент тапсырмасы бойынша ерекше көзге түскендерге мемлекеттік наградаларды табыстады. Халықтың бірлігі, тұрақты экономика, дамыған азаматтық қоғам – елдің басты жетістіктері. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – халықты әлеуметтік қолдау. Нұрлан Нығматулин аймақтың өнеркәсіптік, аграрлық және транзиттік әлеуетіне тоқталды. Мұнда жаңа өнеркәсіп саласы - әскери кеме жасау негіздері қаланғаны белгілі. Ал марапатталғандар қатарында құрылысшылар мен мұғалімдер, дәрігерлер, зоотехниктер және инженерлер бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстан облысының ең белсенді азаматтары марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149419/)