Әлемнің мықты бүркітшілері Бурабай бөктерінде бас қосты. Саятшылық өнердің саңылағы Мәсіп Батырханұлы атындағы дәстүрлі халықаралық сайыс осымен 20-мәрте ұйымдастырылуда. Оған жергілікті саятшылармен қоса, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия елдерінен келген 60-тан астам бүркітші қатысуда.
Биылғы «Қансонар» сайысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Алдымен бүркітшілер шырға тартудағы алғырлықтарын көрсетеді. Кейін аңға салып, бабын сынайды. Бурабайдағы бұл сайыстың жүлдесі - қомақты. Бірінші орын алған бүркітшіге 4 миллион теңге табысталмақ. Сайыс қорытындысы ертең белгілі болады.
Арман Мәти, бүркітші:
Кішкентай кезімізден құстың қасында өскеннен кейін осыны қолға алып, әрі қарай дамытып жатырмыз. 6 жастағы ұлым бар, соған қаршыға салуды үйретсем деп жүрмін. Әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра береміз. Осы жерге келіп қатысып жатқанымызға өте қуаныштымыз.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бурабайда «Қансонар - 2021» халықаралық турнирі өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149439/)