Әскери ұшқыштар Мемлекеттік туды алып ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери ұшқыштар Мемлекеттік туды алып ұшты

10.12.2021

«Менің туым – менің Отаным!». Әскери ұшқыштар елорда аспанында қалықтатып, Мемлекеттік туды алып ұшты. Әскери-әуе күштері армия авиациясының жауынгерлері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына осындай тарту жасады.

Әсерлі көріністі жоғарғы деңгейде орындау үшін тәжірибелі ұшқыштар мен штурмандар «Ми-17» бұрамалы қанатты тікұшақтармен қолдау көрсетті.

Айта кету керек, акцияға қатысқан ұшқыштар – әскери парадтар мен «КADEX» халықаралық көрмесіне қатысқандар.


ту

Хабарламаларға жазылу